Биыл 75,7 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілді

Жарияланды
Өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артық

2022 жылдың 10 айында Қазақстанда 75,7 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық Статистика Бюросы хабарлады.

Импорт үлесі – 93,4 мың тонна тәтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артық. Сырттан әкелінген өнімнің үлес салмағы 55,2% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 140,2 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім сатылды. Бұл ретте экспортқа 28,9 мың тонна тәтті жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыз