Жаңалықтар

Қытайда індет жұқтырғандардың саны артуда

Қытай ауруханалары коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап үлгірмей жатыр. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Айруға шалдығудың шарықтау шегі артта қалғанымен медициналық көмекке мұқтаж азаматтар қатары әлі де көп.

Кейінгі тәулікте Бейжің емханалары 65 мың адамды қабылдаған. Көбі дене қызуына шағымданып келіпті. Ал Чжэцзян провинциясында осыған байланысты еріктілер тартыла бастады. Өйткені аталған аймақта вирус жұқтыру деректері жарты миллионнан асқан. Алдағы 1-2 аптада бұл көрсеткіш 2 миллионға жетеді деген болжам бар.