Мобильді қосымша арқылы Астана полицейлері күн сайын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша борышкер жүргізушілерді анықтайды. Осылайша, «Қорғау» рейдтік іс-шараларын өткізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешегі бар 18 042 жүргізушіге хабарланды.
Оның ішінде жалған нөмірлермен көлік басқарғаны үшін 86 жүргізуші, басқару құқығынсыз Көлік құралын басқарғаны үшін 1 мыңнан астам жүргізуші, бұрын басқару құқығынан айырылған 205 жүргізуші ұсталды. Коммуналдық айыппұл тұрағына 800-ге жуық автокөлік қойылып, 920 нөмірлік белгі тәркіленді.
Осылайша, полиция қызметкерлері рейдтер өткізу барысында бюджетке 2 млн.теңгеден астам қарыз болған «PORSCHE cayennes» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. 2015 жылдан бастап көлік иесі көлік салығын толық төлемеген. Жүргізушіге хабарлама берілді, автомобиль коммуналдық тұраққа қойылды.
Бейнекамераның мобильді қосымшасы арқылы көлік құралының құқық бұзуы анықталған кезде патрульдік полиция инспекторына электрондық планшет арқылы бірден сигнал береді. Қосымшаның негізгі функцияларының бірі – «ықтимал қауіпті жүргізушілерді» анықтау болып табылады.
Камералар арнайы алгоритмдерді қолдана отырып, жолдарда төтенше жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтайды. Мұндай автомобильдер туралы ақпарат «102» операторына да беріледі. Қосымша берілген радиуста ЖҚЕ бұзған автокөліктің орналасқан жерін көрсетеді. Жедел-алдын алу іс-шаралары кезінде полиция қызметкері мұндай көлікті тоқтатып, ықтимал ЖКО жасалғанға дейін шаралар қабылдауы мүмкін.
Сонымен қатар, «Qorgau» қосымшасы зиянды құқық бұзушылар мен жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарды, сондай-ақ іздеуде жүрген автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат Астана қаласы ПД Баспасөз қызметінен алынды