Мақсатқа жету үшін неге дедлайн маңызды?

Жарияланды (жаңартылды )
Ал редлайн деген не?

 «Соңғы мерзім» деген мағына беретін дедлайн термині бүкіл салада маңызды.  Тіпті біз  жеке мақсатымыз жазылған тізімде де орындалуы қажет мерзімін көрсетеміз. Өйткені  арманға жету үшін уақытын нақтылау қажет.

Дедлайн клиентпен келісім-шарт жасау, жұмыс жобасын аяқтау, дипломдық жұмыс жазу сынды тапсырмаларды орындау кезінде қолданылады.

Мақсатқа жетуде дедлайн маңызды.

Біріншіден, қойылған мақсатқа жету жолында, берілген тапсырманы орындау үшін уақытын нақты белгілеу қажет.

Екіншіден, ол мақсатқа жетуге ыңталандырады, яғни мотивация береді. Тапсырманы орындау мерзімінің анық болуы, оны уақытынан кешіктірмей орындауға ынталандырады. Егер нақты мерзім белгіленбесе, тапсырманы орындауға мотивация да болмайды.

Үшіншіден, дедлайн берген уәдеңізді орындауға көмектеседі. Нақты мерзім белгілеп, оны ұстануға көмектеседі. Сондай-ақ, орындай алмайтын уәделерден аулақ болуыңызға көмектесері анық.

Дедлайнның артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылығы:

– Жоба немесе тапсырысты уақтылы аяқтау ықтималдығын арттырады

– Мақсатқа жетуге деген құлшыныс және  еңбек белсенділігін арттырады. Сондай-ақ, көбірек жұмыс істеуге ынталандырады.

– Жұмыс уақытын дұрыс жоспарлауға пайдалы.

– Топтық жұмысты үйлестіруге ықпал етеді.

Кемшіліктері:

–Уақыт тығыздығына байланысты стресс. Есеп беру жақындаған сайын шиеленіс күшейеді.

– Мерзімнің сақталмауынан туындаған мәселелер көбейеді.

Дедлайн сөзінің шығу тарихы

XIX ғасырдың 60-жылдарында бұл термин АҚШ түрмелерінде қолданыла бастады.  Түрмені қоршап тұрған «Соңғы мерзім» атты  биік қоршау болған. Осы қоршаудан өтпек болған тұтқындар қашқын деп саналып, бірден атылды. Бұл тұтқынның соңғы мерзімі болған. 19 ғасырдың аяғында әскери тұтқындар лагерлері жұмысын тоқтатты және олармен бірге сөздің бастапқы мағынасы жойылып кетті. 1910 жылдары газеттер бұл терминді қайта қолдана бастады. Олар соңғы мерзімді басылымға шығу керек кезең деп атады, яғни осы уақыттан кейін мәтіндер баспаға қабылданбаған.

 Дедлайнның «ағасы»  – редлайн  деген не?

Денлайнға жақын редлайн деген ұғым бар.  Ал бұл мерзім тапсырманы уақытында орындауда әрекеттерді дұрыс жоспарлауға көмектеседі.

Redline (ағылш. redline – қызыл сызық) – форс-мажор жағдайларға аз уақыт қалдыру үшін белгіленген мерзімнен бұрын тағайындалған күн. Сіз бұл кезеңді өзіңізге немесе компания ішінде шартты түрде белгілей аласыз.

Дегенмен, редлайн  белгіленген мерзімге арналған дайындық десек болады. Жоспарлау ережесе сәйкес, редлайн мен дедлайн арасында бір айлық үзіліс болуы керек.

Мысалға, сіздің қызметкерлеріңіз 1 желтоқсан күні барлық есепті тапсыру қажет. Ал сіз бұл тапсырманы бір ай бұрын, яғни 1 қарашада ескертіп, айтып қоясыз. Міне бұл редлайн.

Сондай-ақ оқыңыз