Ақша жинақтау және одан өсім алу үшін банкте депозит ашар кезде клиенттер бірқатар маңызды факторларды назарға алады: әрине бірінші кезекте сенімді банкті таңдайды.
Еліміздегі депозиттерде қордаланған жалпы сома 2022 жылы 30 трлн теңгеге жетіп қалды. Халық салымдары 49%-ды құрайды да қалғандары компаниялардың депозиттері. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры берген деректерге сүйенетін болсақ, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалардың салымдары азайғаны байқалады. Оны қаңтар оқиғасы мен еншілес ресейлік банктерге салынған санкцияларымен түсіндіруге болады. Кейіннен жағдай тұрақталып, 2022 жылдың қараша айының басынан қазақстандықтардың депозиттеріндегі ақша 14,6 трлн теңгеге, ал корпоративтік салым сомасы 15 трлн теңгеге өсті.
Салымшылар банктен ақшаларын әкетпес және шетел елдік валютасына айырбастауларын азайту мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынылған мөлшерлемені бірнеше рет көтерді, нарыққа қатысушылар да қалыс қалмай депозиттер бойынша пайызды жоғарылатты. Экономикалық турбуленттілік жағдайда депозит нарығында тағы қандай құбылыстар орын алғаны жайлы «Нұрбанк» АҚ Басқармасының төрайымы Гульнара Мусатаева өзінің эксклюзивті сұхбатында айтып береді.
– Өткенде, Ұлттық Банктің басшысы Ғалымжан Пірматов еліміздің Президентімен кездесуінде теңгемен ашылған депозиттердің деңгейі тарихи деңгейіне жетті деп баяндап берді. Егерде халық пандемия кезінде шекаралар жабылу, логдаун енгізілу және жұмыс орындары қысқаруынан қауіптеніп, ақша жинақтаса, онда осы жылы нарыққа нендей жағдай әсер етті?
– Саясаттағы өзгерістерге байланысты 2022 жылды әлем экономикасының түрлену жылы деуге болады. Бұл үрдіс елімізден айналып кетпегені анық, бизнес өкілдері даму жоспарларын қайта ойластырып, жаңа бағыт, жаңа тетік ізденуде, сол себепті уақытша бос ақша қаражаттары пайда болды, оларды қысқа мерзімге, жоғары мөлшерлемемен банктік салымға орналастыру тиімді болатыны айдан анық. Шын мәнінде, заңды тұлғалардың ақшаны банктік салымдарға орналастыруы – инфляцияға жол бермеудің таптырмас амалы деуге болады. Жеке тұлғалар өздерінің жинақ ақша шоттарын қаражат жинау және оны көбейту үшін пайдаланады.
– Салымшылардың саны өсуі банк секторында белсенді дамып келе жатқан цифрлаумен байланыстыруға бола ма?
– Салымшылар санының өсуі көбінесе банктік қызметтерге қолжетімділік артуымен, соның ішінде заманауи технологиялармен байланыстыруға болады. ҚР Ұлттық Банктің статистикасы да халықтың күнделікті тіршілігінде қолма-қол ақша айналымы бәсеңдегенін, қолма-қол ақшасыз айналым үдере түсуін, еліміздің төлем нарығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Көптеген адамдар онлайн есеп айырысуға, банктік қосымшаларды пайдалануға көшуде, ол өз кезегінде жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары мен депозиттеріндегі ақшалай қаржылары қалдығының көбеюіне әкелуде.
Мысалы, жеке тұлғалар Nur24.kz мобильді қосымшада жинақ ақша депозитін оп-оңай аша алады және ол қосымшада қалаған уақытта қажетті соманы алу, картаға аудару немесе депозитті толтыру қызметтеріне қол жеткізуге болады.
– Үстіміздегі жылы депозиттер нарығында тағы қандай тренд байқалады?
– Ерекше айта кететін жайт, Ұлттық Банк бірнеше рет базалық мөлшерлеме деңгейін көтерді. 5-желтоқсанда мөлшерлеме деңгейі тағыда көтеріліп, жылдығы 16,75%-ға жетіп, көтерілуі жалғасын табуда.
Жыл басында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк теңге салымдарын қорғау бағдарламасын іске қосқандары туралы хабарлады, ол бағдарламада бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10% мөлшерінде өтемақы төлеу көзделді. 20 млн теңге көлеміндегі өтемақыны төлеу 2022 жылдың 2-ақпанына дейін орналастырылған депозиттер бойынша жүзеге асырылады. Салым банкте оның мерзімінің соңына дейін, бірақ 12 айдан кем емес, яғни 2023 жылдың 24-ақпанына дейін сақталу шартты орындалған жағдайда ғана өтемақы есептеледі.
– Бұл тренд сіздің банкке қалай әсер етті, биылғы жылы депозиттік қоржын толықты ма?
– Заңды тұлғалардың депозиттік қоржыны жыл басынан 6 млрд теңгеге толығып,1-қараша күнгі жай-күй бойынша 203,4 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғалардың салымдары 39,7%-ды немесе 134 млрд теңгені құрайды, ал қалған 60,3%-ы заңды тұлғалардың депозиттеріне қарасты. Ресурс базасын әртараптандыруға және кредиттік қоржынмен тепе-тең болуына қадам басудамыз.
– Банк жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлеме деңгейін көтерді ме?
– Нұрбанк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) ұсынысына жедел әрекет жасады, сондықтанда жеке тұлғалардың депозиттері бойынша (СЖТМ/ГЭСВ) 13,7%-дан (СЖТМ/ГЭСВ) 17,5%-ға дейін өсті. Бүгінгі таңда банк жеке тұлғаларға жинақ ақша депозиттер бойынша одан да жоғары мөлшерлеме деңгейін ұсынады.
Заңды тұлғаларға келер болсақ, Нұрбанк олардың да жаңа депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеру жағына қарай қайта өзгертті. Орналастыру мерзімі мен орналастырылған өнімге қарай сыйақының стандартты мөлшерлемесі теңгемен 0,5-3% диапазоны аралығында көтерілді.
– Сіздің ойыңызша, өз қаражаттарын жинақтау үшін жеке және заңды тұлғалар Нұрбанкті неге таңдайды?
Ақша жинақтау және одан өсім алу үшін банкте депозит ашар кезде клиенттер бірқатар маңызды факторларды назарға алады: әрине бірінші кезекте сенімді банкті таңдайды. Нұрбанк қаржы нарығында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде банктің саясаты тиянақтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Банктің стратегиясы активтерді сапалы ұстауға, тәуекелдерді бағалауы кезінде салмақтылық танытуға, өтімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы институтының сенімді екенін халықаралық рейтингілік агенттіктердің тұрақтылық жорамалмен берген «B-/B» деңгейі мен іскерлік абыройы растайды. Одан кейін клиенттер үшін жанға жайлылығы мен қолайлығы маңызды, сондай жағдай жасау үшін Нұрбанктің Қазақстан аумағында 17 филиалы мен 98 бөлімшесі еңбек етеді.
Корпоративтік клиенттер банкті келесідей себептермен таңдайды: салым бойынша тиімді шарттар, дербес сервис. Біздің басты міндетіміз – клиенттің мүддесі. Бүгінгі таңда салым мерзімі мен сыйақы мөлшерлемесінің оңтайлы ара-қатынасын ұсынуға дайынбыз.
– Сіз қалай ойлайсыз, келесі жылы салымдардың өсу үдерісі жалғасын таба ма?
– Менің ойымша, әлем экономикасы мен саяси жағдайдың ағымдағы қалпы сақтала беретін болса, онда 2023 жылы да уақытша бос ақшаны банктік депозиттерге орналастыру үдерісі өз жалғасын табады. Біз инфляцияның қарқыны 2023 жылдың екінші жартыжылдығында ғана бәсеңдеу мүмкін, тиісінше қор құру құны да арзандайды деген болжам жасаудамыз. Қазіргі жағдай жоғары сыйақы мөлшерлемесімен ұзағырақ мерзімге депозит ашуға ең керемет жағдайда, өйткені жақын арадағы келешекте мұндай жағдай туындайтынына кім кепіл болады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген лицензияның № 1.2.15/193