Сұлулық салондарының қызметі 17% қымбаттады

Жарияланды
Ерлердің шаш қиюы бір жыл бұрынғыдан 22%, әйелдердікі 16% қымбаттады

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында шаштараз және сұлулық салондар қызметінің көлемі 24,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 10,3% артық.

Ал ауылдық жерлерде сектордағы қызмет көрсету көлемі бір жыл ішінде 18,1% өскенімен, 1,5 млрд теңге ғана болды.

Биылғы қараша айында шаштараз және сұлулық салоны қызметі бір айда 1,8% қымбаттады, бұл соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Биыл шаштараз және сұлулық салоны қызметі бағасының орташа айлық өсімі 1,4%-ды құрады, ал 2011–2021 жылдар кезеңінде сектордағы қызметтердің орташа айлық өсімі небәрі 0,6%-ды көрсетті.

Жыл басынан бері шаштараз және сұлулық салоны қызметі бағасы рекордтық 16,2% қымбаттады.

Жаңа жылдық корпоративтік кештер мен басқа да мерекелер тойланатын осы желтоқсанда тағы бір антирекорд тіркеледі, бұл да жылдық көрсеткіштерге теріс әсер етеді деп болжауға болады.

Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараз және сұлулық салоны қызметі бірден 17% қымбаттады.

Өңірлер бойынша сектордағы жыл сайынғы баға өсімі Батыс Қазақстан облысында 3,1%-дан Түркістан облысында 33,7%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі Павлодар (32%-ға), Қарағанды (30,4%-ға) және Атырау (25,7%-ға) облыстарында да байқалды.

Атап айтқанда, бір жыл ішінде ерлердің шаш қию бағасы бірден 21,5% қымбаттаса, әйелдер шашын қию 16% қымбаттады.

Маникюр мен педикюр бір жылда сәйкесінше 18,8% және 10,5% қымбаттады, эпиляция 8,6% қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз