Жаңалықтар

Енді төлемге өтініш беру үшін көптеген анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ

Жаңа әлеуметтік қызмет eGov.kz порталында қолжетімді

EGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жаңа қызмет қолжетімді. Енді төлемге өтініш беру үшін көптеген анықтамаларды жинаудың қажеті болмайды. Бұл туралы «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.

Жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен артықшылығы – қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық деректер мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. Деректерді дұрыс енгізген жағдайда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранда көрсетіледі.

Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетілген, бұл процесс көп уақыт алып, жәрдемақыларды ресімдеу кезінде қолайсыздықтар туғызды.   

«ҰАТ» АҚ командасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті және сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұрын еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдерді алу үшін анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну керек болатын, қазір қызметті алу процесі жеңілдетілді, пайдаланушыға өз деректерінің дұрыстығын тексеріп, қызметке қол қою жеткілікті. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростисалав Коняшкин.

«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» жаңа қызметін пайдалану үшін  eGov.kz порталы арқылы пайдаланушылар:   

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
  • басты бетте «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Мүгедек адамдарды қолдау» өту керек;
  • «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдайды;
  • онлайн қызметке тапсырыс береді;
  • ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алады.

Қызмет көрсету мерзімі:

  • 8 жұмыс күні.