Кейінгі он жылдықта ғалымдар артық салмағы бар балалар саны артқанын айтады. Дәрігерлер мен диетологтар бұл күрделі мәселеге ана–аналардың бей–жәй қарамауын сұрап отыр. Өйткені, семіздіктің зардабы ауыр. Бүгінгі сұхбатта диетолог маман Меруерт Қазыбекқызы баладағы артық салмақпен күресу жолы жайлы пайдалы ақпарат берді.
Артық салмақ — ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасы мен денені май басу.
Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерл, тәтті тағамдар мен мал майының мөлшерден тыс көп болуы және дене бітімінің ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады.
– Меруерт ханым, баланың артық салмақ қосуына не әсер етеді?
– Ең бірінші, бұл баланың денсаулығына байланысты. Егер де бала дұрыс тамақтанып, бірақ оның салмағы арта берсе, міндетті түрде дәрігерге қарату қажет. Бұл жерде балада гормонды ауытқулар болуы мүмкін. Келесі жағдай әрине, егер де бала толық бола тұра, фаст-фут тұтынып, дүкен сөрелерінде тұрған зиянды тағамдарды жей берсе, балада артық салмақ болады. Қазіргі кезде, көптеген балалардың толық болуының проблемасы, денсаулықтан гөрі, дұрыс тамақтануды ұстанбағандықтан. Дұрыс тамақтанбаған балада артық салмақтан бөлек, көптеген ауру да пайда болады.
– Баладаға семіздіктің қалай алдын алуға болады?
– Баладағы артық салмақтың алдын алу қажет. Қазіргі таңда, артық салмаққа әкелетін көптеген зиянды тағамдардын түрлері бар. Бала тұрмақ, үлкен адам төтеп бере алмайтын тәттілердің шегі жоқ. Артық салмақ болмау үшін дұрыс тамақтану және қозғалыс қажет.
– Баланы диетаға отырғызуға бола ма?
– Баланы диетаға отырғызуға болады. Тіпті отырғызу керек. Бірақ, диетаны сауатты түрде жасау керек. Көптеген ата–аналардың проблемасы баланы дұрыс емес диетаға отырғызу. Балаға мынаны жеме дей салады. Бұл дұрыс емес. Ең бірінші, балаға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру қажет. Оны қалай жасаймыз? Әрине өзіңіз үлгі болу арқылы.
– Баладағы артық салмақ оның денсаулығына қаншалықты кері әсерін тигізеді?
– Артық салмақ баланың тек денсаулығына емес, сонымен қатар, психикасына да кері әсерін тигізеді. Егер балада артық салмақ болса, оған мектепте қиындау болады. Өйткен, кейбір балалар қатыгез болады. Артық салмағы бар баланы мазақтап, оның өзіне деген сенімін жояды. Баланың өзін сезінуге, ішкі таланттарын көрсетуге кедерге болады. Ал денсаулыққа келетін болсақ, әрине балада гормоналды ауытқулар болады. Мысалға алсақ, бұрын біз оқыған кезде, қант ауруына шалдыққан балаларды өте сирек көретін едік. Ал қазіргі кезде көптеген балаларда, осы қант ауруы көбейіп кеткен.
– Баланы дұрыс тамақтануға қалай үйретуге болады?
– Баланың артық салмақтан арылып, дұрыс тамақтануы үшін ата–ананың өзі үлгі болу керек. Егер де ата-ана балаға бұл тамақты «жеме» деп тыйым салып, бірақ өзі жеп отырғаны үлкен қателік. Бала айтқанды емес, көргенді істейді. Ата–ана баладағы артық салмақтын үлкен проблема екендігін түсіну керек. Егер де ата-ана балаға үлгі болмай, тек тыйым салса, бала тығылып жеуді әдетке айналдырады. Психикасына үлкен зақым келеді. Ата–ана сауатты, сабырлы болуы керек.
– Балада артық салмақтын болмауы үшін кеңес берсеңіз?
– Бастысы дұрыс тамақтану керек. Мысалы, баламен дүкенге барған кезде ол сізден чипсы сұрады делік. Сіз жоқ болмайды десеңіз, бала оны түсінбейді. Сіз балаға оның ағзаға қаншалықты зиян екенін, көптеген қоспа бар екенін айтуыңыз қажет. Сол кезде бала түсінеді. «Жеме», «болмайды» деген қатаң тыйымдар балаға ешқандай да әсер етпеуі мүмкін.
– Баланың дұрыс тамақтану ережелерін айтып кетсеңіз?
– Біріншіден тамақты уақытымен ішкен дұрыс. Балаға күнделікті үйден таза өнімдерден жасалған тамақты беріңіз. Баланы үйдің тамағына үйреткен дұрыс. Қуырылған тамақты жемегені жөн. Ас мәзірінде міндетті түрде ет және жемістер мен көкеністер болған дұрыс. Баланы дұрыс тамақтануға үйреткен кезде, бірнеше қиындықтар болуы мүмкін. Бала тіпті тамақты іштеуі мүмкін. Бұл кезде сабырлық таныту қажет. Балам тамақ ішпеді деп, дүкенге барып тәтті сатып алуға болмайды. Үйдегі барлық зиянды тамақтарды алып тастаныз. Өз балаңыздың денсаулығы тек өзіңізге қажет.
– Сұхбатыңызға рақмет.