Үндістанда шеру кезінде 7 адам қаза тапты

Жарияланды
"Телугу Десам" партиясы қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлейді

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Неллоре қаласында өткен шеруде төбелестің салдарынан жеті адам қаза тапты. Жарақат алғандар бар.

Митингті экс-премьер Н.Чандрабабу Найду басқаратын Телугу Десам партиясы ұйымдастырды.

Anadolu агенттігінің билікке сілтеме жасап хабарлауынша, кептеліс салдарынан бірнеше адам каналға құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем аттанды, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Телугу Десам партиясы қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыз