Биыл жанармай қымбаттай ма?

Жарияланды
Шекті бағасы реттелмек

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов босқа үркудің қажеті шамалы деп сендіреді. Оның айтуынша,  биыл АИ-80, 92-93 және жазғы дизель отынының шекті бағасы реттелмек.

Әйтсе де, қос  бүйірден қысқан қымбатшылық қарқыны күмән туғызады.

Деректерге жүгінсек, барыс жылы Қазақстанда 84 миллион тонна мұнай өндірілген. Ал, 2023 жылы бұл көрсеткішті 90,5 миллион тоннаға арттыру  жоспарда бар. Дұрыс-ақ делік.

Бұдан жұртқа не пайда?

Айлық пен зейнетақы өскен сайын, жанармайдың да бағасы шарықтап шыға келмей ме?

Энергетика министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2022 жылы мұнайдың  64,8 млн тоннасы экспортқа жөнелген. Былтыр қара отын бағасы біраз қымбаттағанын ескерсек, мұнай экспортынан да ел экономикасына едәуір қаржы түскен.

Былтыр шетелге:  

  • 5 млн тонна бензин                                                                                                             
  •  5,2 млн тонна дизель отыны                                                                                                           
  • 2,8 млн тонна мазут экспортталған.

2023 жылы бұл көрсеткішті арттыру жоспары бар. Атап айтқанда, 71 миллион тонна мұнай шетелге жөнелтілмек.

Сондай-ақ оқыңыз