Жаңалықтар

Елімізде тас жолдардың 109 учаскесі жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тас жолдардың 109 учаскесі жабылды, оның 41 республикалық және 68 облыстық маңызы бар.Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады

Жолдарда ТЖ жою бойынша республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді.

Блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды. 

Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 695 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 146 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін тас жолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ 99 бірлік техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның 4 бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).

Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді, сондай-ақ «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы 94 хабарлама жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.

Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.