Мексикадағы түрмедегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандар саны 19-ға жетті

Жарияланды
27 тұтқын түрмеден қашып кеткен

Мексиканың солтүстігіндегі Хуарес қаласындағы түрмеде болған тәртіпсіздіктен қаза тапқандар саны 19-ға жетті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Чиуауа штатының прокуратурасы қаза тапқандардың арасында 10 күзетші мен 9 тұтқынның бар екенін хабарлады.

Сонымен қатар, 27 тұтқын түрмеден қашып кеткен.

Қауіпсіздік күштері мен қашу ұйымдастырған тұтқындар арасындағы қақтығыс нәтижесінде тағы 13 адамның жараланғаны атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз