БҚО-да 1 жарым жастағы сәби сәбізге қақалып көз жұмды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
«Анасының айтуынша, баласы шикі сәбіз жеп отырып, қақалған. Келіншек ұлының арқасынан қағып, сәбіздің бір бөлігін шығарғанымен, бүлдіршіннің тыныс алуы қиындапты. Жанұшырған анасы жолай көлік тоқтатып, баласын ауруханаға жеткізген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, балаға сот-дәрігерлік сараптама жасалған. Мамандар сәбидің тыныс алу жолдарының бөгде затпен бітеліп қалғандықтан, тұншығып қайтыс болған»-делінген хабарламада.