Чехия тарихындағы ең ірі құс тұмауы Прагадан батысқа қарай 150 шақырым жердегі құс фабрикасында тіркелді. 220 000-ға дейін тауықтың көзін құрту қажет. Олармен бірге 2,5 миллион жұмыртқа да жойылады.
Шаруашылықта қазір 742 мың тауық бар.
Құс тұмауы онсыз да жоғары азық-түлік бағасына қысым жасап, құс етін импорттаушы елдердің сауда шектеулеріне түрткі болуда.
АҚШ пен Еуропадағы індет тауықтар, күркетауықтар және басқа құстардың рекордтық санын өлтірді.