Amazon 18 000 қызметкерін жұмыстан шығарады

Жарияланды

Америкалық Amazon компаниясы бұрын жарияланған 10 мың жұмысшының орнына 18 мыңнан астам қызметкерін қысқартады. Бұл туралы интернет-ритейлердің бас директоры Энди Джесси мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім экономикалық жағдай мен пандемия кезінде сұраныстың артуына байланысты болған. Өйткені соңғы екі жылда көптеген қызметкерлер жұмысқа алынған. Бірақ 2023 жылға арналған жоспар аясында қызметкерлерді қысқарту шарасы қабылданды.

Жұмыстан босату ең алдымен, сату және жалдау бөлімдеріндегі қызметкерлерге әсер етеді деп хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз