Жаңалықтар

АҚШ-та індеттің жаңа түрі таралуда

Covid-19-дың жаңа түрі XBB.1.5 деп аталатын вирус АҚШ-та тез тарап жатыр. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Аурудың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша бұл штаммның жұғуы желтоқсанда 4%-тен 41%-ке дейін артып кеткен. Қазір ғалымдар омикроннан кейін мутациаланған бірнеше вирусты зерттеп жатыр.

Бірақ осы ХВВ.1.5 басқа штаммдарға қарағанда көп өзгергенін айтады. Сондықтан вакцина мен антидененің әсері болмауы мүмкін.

Omicron-ның тағы бір түрі ХВВ.1.5 деп аталатын вирустың АҚШ-та тез тарауы ғалымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Жаңа вирус әлемдегі 30-ға жуық мемлекетте анықталды. ДДСҰ қызметкері Мария Ван бұған дейінгі вирустарға қарағанда оның жұқпалы әрі жасушада бірден көбейетінін айтты. Сондықтан әлемдегі эпидахуалды ушықтырып жіберу қауіпі бар. АҚШ-та соңғы төрт аптада вирустың бұл түрінің таралуы 4%-тен 41%-ке артып кеткен. Ал солтүстік шығыс штаттарда тұмауратып ауруханаға түскен науқастардың 75% осы штамм анықталды. Вашингтондағы вирусологтар дәл осындай қарқынмен тез жұғатын ковидтің басқа түрін көрмедік деп отыр. Әзірге клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мамандар вакцинаның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізуі керек.