ДДСҰ Қытайды індеттің таралуы жайлы шындықты айтуға шақырды
Жарияланды
Гебрейесус: Бізді індеттің қазіргі эпидемиялық көрінісі қатты алаңдатады
Қытай індетті жұқтырғандар мен өлім туралы толық және нақты мәліметтерді бермейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қытай өткен жылдың желтоқсан айында бүкіл ел бойынша індеттен 13 адам қайтыс болды деп хабарлады, сарапшылардың пікірінше, бұл нақты жағдайды көрсетпейді.
«Біз Қытайдан індетті жұқтырғандар мен өлімдер туралы тұрақты және сенімді мәліметтерді беруді талап етеміз. Бізді індеттің қазіргі эпидемиялық көрінісі қатты алаңдатады»,-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.