Жаңалықтар

Таиландқа кіру кезінде тағы да COVID-19 вакцинасының құжаты қажет

Азаматтық авиация басқармасының ресми сайтында Таиландта мақұлданған 16 вакцинаның тізімі жарияланды

Таиландта енді шекарадан өткен кезде коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсы туралы құжатты талап етеді. Бұл туралы елдің Азаматтық авиация басқармасы хабарлады.

Мұндай талаптар дүйсенбі, 9 қаңтар, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 01:00-ден бастап рейспен келетін жолаушыларға қатысты болады. Бұл шаралар кем дегенде қаңтар айының соңына дейін күшінде болады.

Азаматтық авиация басқармасы шетелден келетін 18 жастан асқан адамдарға қатысты ережелердің өзгергені туралы барлық тараптарды хабардар еткенін атап өтті.

Азаматтық авиация басқармасының ресми сайтында Таиландта мақұлданған 16 вакцинаның тізімі жарияланды. Олардың арасында Спутник V және Спутник Лайт та бар.