Бразилияда тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 400-ге жуық адам қамауға алынды

Жарияланды

Бразилия астанасындағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін кем дегенде 400 адам қамауға алынды, деп хабарлады елдің федералды округінің губернаторы Ибанес Рош.

Біз федералдық округте осы терактілерге қатысқандардың барлығын анықтау бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Біз тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырамыз», – деп жазды ол.

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонароның мыңдаған жақтастары жексенбі күні парламентке, жоғарғы сотқа және мемлекет басшысының резиденциясына басып кірген.

Зардап шеккендер мен ауыр қақтығыстар туралы ақпарат түскен жоқ. Тәртіпсіздік кезінде президенттің өзі елордада болмаған.

Болсонароның жақтастары оның өткен жылғы сайлаудағы жеңілісін мойындамайды және экс-президенттің билікке оралуын талап етіп үнемі наразылық шерулерін өткізеді.

Қаңтарда Бразилияның жаңа президенті Луис Инасиу Лула да Силваның ұлықтау рәсімі өтті. Болсонаро елден кеткендіктен салтанатты шараға қатыспады.

Сондай-ақ оқыңыз