Қазақстанда хайуанаттар бағы азайып барады

Жарияланды
Зообақтардағы жануар, құс пен балық саны бір жылда 29%-ға  азайды

Биыл елімізде 70%-ға  тозған мәдениет нысандарының инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінетін болады. Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық хайуанаттар бағын қайта жаңғырту жоспарын жариялаған еді.

Алайда елдегі хайуанаттар бағы азайып барады. Мысалға, 2018 жылы олардың саны — 20, 2019 жылы — 18, 2020 жылы — 16 болған. 2022 жылы Қазақстанда 13 хайуанаттар бағы болса, оның 6-ы контактты зообақ (жылжымалы хайуанаттар бағы).

Бірақ, бұл жағдайда  қуанарлығы, хайуанаттар бағының санының азаюына контактты (жылжымалы хайуанаттар бағы) зообақтардың азаюына ықпал етіп отыр. Еnergyprom.kz мәліметі бойынша, 2016 жылы елде алғашқы үш контактты зообақ пайда болғаннан кейін, 2017 жылға қарай олардың ресми түрде 14 болды. Бірақ 2021 жылы олардың саны 6-ға дейін төмендеді. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңда жылжымалы хайуанаттар бағы, зообақ, жылжымалы аквариум мен жануарлар жылжымалы көрмесінің жұмыс істеуіне тыйым тек 2025 жылы ғана күшіне енеді екен. Заң жобасына сәйкес, жылжымалы хайуанаттар бағы 2025 жылдан бастап, жылжымалы аквариум, дельфинарий мен жануар көрмелері 2029 жылдан бастап жабылады.

Бұл заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 Бұл заңнамада белгіленген қағидалар:

      1) жануарларға ауырсыну мен физикалық қиналуды сезіне алатын тіршілік иесі ретінде қарау;

      2) жануардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иесінің дербес жауапты болуы;

      3) жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау;

      4) халықты жануарларға адамгершілікпен және ізгілікпен қарауға тәрбиелеу жануарларға жауапкершілікпен қарау.

Еліміздегі зообақтардың жалпы ауданы 2021 жылы 100,5 гектарға жетті, оның ішінде 63,4 мың шаршы метр аң мен құс, балықтардың баспанасы. Еліміздегі зообақтарда ұсталатын жануарлардың саны 2022 жылы 29% азайып, 12 мың болды. Олардың басым бөлігі оңтүстік астанада: 3,8 мың. Бір жылда 55,3% азайған.

Астана екінші орында (Ақмола облысын қоса санағанда): елорда мен Ақмола облысының зообақтарындағы аң, құстардың және балықтың саны 3,2 мың — бір жыл бұрынғыдан 6,7% аз.

Жануарлар саны бойынша алғашқы үштікті Шымкент жапты: оңтүстік мегаполистің зообақтарында 2,6 мың данасы бар — бір жыл бұрынғыдан 0,7% көп.

Қазақстандағы зообақтағы жануарлар ішінде ең көбі балық: 2021 жылы 7,1 мың дана болды. Сондай-ақ, зообақтарда 1,9 мың сүтқоректілер, 1,9 мың құс, 744 омыртқасыз, 341 бауырымен жорғалаушы және 54 қосмекенді болған.

Сондай-ақ оқыңыз