Теңгемен сақталған депозиттерге өтемақы төлеу мерзімі ұзартылды

Жарияланды
2023 жылдың 10 ақпанына дейін

Жеке тұлғалардың теңгемен сақталған депозиттеріне өтемақы төлеу мерзімі бір айға ұзартылды. Бұл туралы арнайы үкімет қаулысына енгізілген өзгертулерде жазылған.

Бастапқыда теңгедегі депозиттерге өтемақы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін төленеді деп жоспарланған. Енді өтініш беру уақыты 2023 жылдың 10 ақпанына дейін ұзартылды. Төлем 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төленеді. Өтемақы алудың міндетті шарты – 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 24 ақпанына дейін банктегі депозиттің сақталуы.

Сондай-ақ, салымшы қайтыс болса, растайтын құжаттарды 2023 жылдың 10 ақпанына дейін ұсынған кезде өтемақы төлеуге өтініш беру талап етілмейтіні түсіндірілді. Туыстары мұраға кіруді растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда өтемақы ала алады. Егер мұрагердің қайтыс болған туысының бір банкте депозиті болса, онда өтемақы әрбір салым бойынша жеке төленеді, бірақ бір адамға 20 миллион теңгеден аспайды. Бұрын бұл жайт ережеде көрсетілмеген еді.

Сонымен қатар, өтемақы жоғалтпай депозитті талап ету нормасы енгізілген. Бұған дейін ақшаны мерзімінен бұрын алған жағдайда, бонус төленбеген. Енді салым мерзімі өтіп, ұзартылмаған болса, салымшының келісімімен бір банктегі ақшаны екінші депозитке аударуға болады.

Жарлық ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң 2023 жылғы 20 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз