Армения елде ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тартты
Жарияланды
Пашинян: "Арменияда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтпейді, кем дегенде биыл"
Армения елде ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуді орынсыз деп санайды. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.
Оның айтуынша, Арменияның қорғаныс министрлігі бұл шешім туралы ұйымды хабардар етіп қойған.
«Армения қорғаныс министрі ҰҚШҰ Біріккен штабына қазіргі жағдайда Армения аумағында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізуді орынсыз деп санайтынымызды хабарлады», – деді үкімет басшысы баспасөз мәслихатында.