Жаңалықтар

Қаржы министрлігінің басшысы банкроттық туралы өтініштерді қабылдаудың басталу мерзімін хабарлады

ҚР Қаржы министрі, Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда банкроттық туралы арыз беру рәсімі 2023 жылдың 3 наурызынан басталатынын айтты.

«3 наурызда банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталады», – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Қаржы министрлігінің басшысы сондай-ақ банкроттық рәсіміне азаматтардан өтініштер қабылдау басталғанға дейін түсіндір жұмыстары ұйымдастырылып, қызмет көрсету орталықтары арқылы кеңес алуға ниет білдірген азаматтарға SMS хабарламалар жіберілгенін хабарлады.