Жаңалықтар

Былтыр брокерлік шоттар саны 4 есеге өсті

2023 жылғы 1 қаңтарда жалпы жүйеде 963 мың шот ашылды

2022 жылы Қазақстанның қор нарығының бүкіл тарихында инвесторлардың рекордтық өсуі тіркелді. Бұл азаматтарға шоттарды оңай ашуға мүмкіндік беретін процедуралардың жеңілдеуімен байланысты. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99 %-ы – қазақстандықтар. Статистика бойынша олардың көпшілігі 35 пен 54 жас аралығында, алайда жас буын да артта қалып отырған жоқ: өткен жылы 18-24 жас аралығындағы инвесторлар тобы бірден төрт есеге өсті.

Бір жыл ішінде Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі қосалқы шоттар саны 4,3 есеге өсті. 2023 жылғы 1 қаңтарда жалпы жүйеде 963 мың шот ашылды, оның 550 мыңы (57,1 %) қосалқы шоттарға, 413 мыңы (42,9 %) – омнибус шоттарына тиесілі.

2022 жылғы өсім:

– жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру арқылы брокерлік шотты ашу процесін жеңілдетумен және жаңа цифрлық брокерлік мобильдік қосымшалардың пайда болуымен;

– «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO өткізуімен;

– омнибус шоттарын ашу және пайдалану мүмкіндігін енгізумен байланысты.

«Брокерлік шоттардың белсенді өсуі жыл бойы байқалды. KCSD клиенттерінің 99 %-ы қазақстандық инвесторлар екенін атап өткен маңызды, бұл жергілікті қор нарығын дамытудың жақсы үрдісін көрсетеді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бейрезидент – клиенттердің үлесі 1 %-дан аз», – деді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

2022 жылы омнибус шоттар танымал бола бастады. Егер 2022 жылғы қаңтар айында 10 мың омнибус шоттары тіркелген болса, бір жыл өткен соң, 2023 жылы олардың саны 41,3 есе өсті.

Клиенттік активтердің агрегирленген есебін жүргізу, яғни Орталық депозитарийдің бір шотындағы клиенттер пулының активтерін есепке алу 2021 жылдың ортасынан бастап мүмкін болды. Әдетте, омнибус шоттарын жүргізу брокерлер мен банктерге әр клиент үшін жеке қосалқы шот ашудан арзан түседі, сондықтан oмнибус шоттарының саны бір жыл ішінде жарты миллионға жақындап, қосалқы шоттар санына теңесіп қалды.