Елімізде бөлшек сауда көлемі 2022 жылы 15 763,8 млрд теңгені құрады

Жарияланды
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 15 763,8 млрд теңгені құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,1% жоғарылады.

Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2,5% өсті. Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 35,6% болса, азық-түлікке жатпайтын  тауарлардікі – 64,4%.

Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда фармацевтика тауарлары, мотор отыны, автомобиль, арнайы дүкендердегі жиһаз, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, аяқ киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметика тауарлары мен жеке гигиена керек-жарақтары, сондай-ақ электр құралдары.

2023 жылғы 1 қаңтарға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 378 млрд теңгені, сауда күндерінде 54 күнді құрады. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырып өтсек, ол кезде тауар қоры 1 023,3 млрд теңгені, сауда күнінде 49 күнді құраған.

Сондай-ақ оқыңыз