2023 жылғы 12 қаңтарда Осакаров ауданында «Қызылорда – Павлодар» автожолының жабық учаскесінде Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күштерімен 5 техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала. Құтқарылғандар Родниковское ауылына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызмет хабарлады.
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланған:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға;
- жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының кептелісін жасамауға;
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болуға кеңес береміз.
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында қолжетімді.