Жаңалықтар

Бүгін Непалда аза тұту күні жарияланды

Ұшақ апатына байланысты

Непал билігі дүйсенбі күнін Покхара қаласындағы ұшақ апатында қаза тапқандарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды үнді баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 67 адамның қайтыс болғаны расталды.

Покхара қаласындағы халықаралық әуежайға жақындаған кезде апатқа ұшыраған Yeti Airlines ұшағында барлығы 72 адам, оның ішінде төрт экипаж мүшесі болған. Ұшақ Катмандудан ұшып келе жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшақтың техникалық ақауы себеп болған. Апат кезінде Покхара қаласының төңірегінде ауа-райы мен көру мүмкіндігі жақсы болды.

Покхара әуежайы уақытша жабылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Непалда апатқа ұшыраған ATR 72 ұшағының бортында 15 шетелдік, оның ішінде бес үндістандық, төрт ресейлік, екі кореялық, Ирландия, Аргентина, Австралия және Франциядан келген бір азамат болған. Қалған 53 адам непалдықтар болды.