Францияда блогерлерге қатысты заң қарастырылмақ

Жарияланды

Францияның Экономика министрі әлеуемттік желілердегі блогерлерді бақылауға алуды ұсынды. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

«Инфлюенсерлердің басым көпшілігі заңды сақтайды. Бірақ алдап-арбау оқиғалары да кездеседі. Мұндай әрекеттер кей кездері білместікпен жасалады. Міне біз заң арқылы дәл осындай олқылықтарды жоюды көздейміз»,-деді Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр.

Француздар жаңа заңжобасын арнайы платформада бір ай бойы талқылайды. Ол блогерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтап, зияткерлік меншік, тұтынушыларды қорғау сияқты мәселелерді реттейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыз