Астанада банктің жалған қызметкері тұрғындардың қаражатын алаяқтықпен иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті полиция бөліміне Ақмола облысының тумасы жасаған алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша бірден бірнеше арыз келіп түсті.
Тексеру барысында 32 жастағы әйел өзін банк менеджері рентінде таныстырып, тиімді несиелеу қызметін ұсынған. Клиент 1 млн теңге көлемінде онлайн қаражатты рәсімдеуі тиіс болған. Кейін қаражаттың жартысын делдал арқылы «жалған менеджердің» шотына аударуы керек. Әрі қарай, клиентте қалған сома үшін берешекті «аталған схеманың бастамашысы» өтеу керек еді-міс. Іс жүзінде бірінші ай ғана өтеліп, кейін қаскүнем барлық нөмірлерін өшіріп, хабарсыз кеткен. Жалпы залал 1,5 млн теңгеден астам мөлшерде бағалануда.
Іздестіру шаралары барысында Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен әйелді анықтады.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынып, оның бұрын-соңды ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болғаны анықталды. Ендігіде күдіктінің елорда аумағында ұқсас тәртіп бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.