Маңғыстауда 31 мың бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арнасы хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы, 2-бөлігімен көрінеу жалған сәйкестендіру құралдарын және есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында дайындау немесе сатып алу, сол сияқты пайдалану немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп алкоголь өнімінің заңсыз айналымын есепке алу-бақылау маркаларының және алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттардың болуы мен түпнұсқалығын, лицензияның болуын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Өкінішке орай, кейбір жосықсыз салық төлеушілер тексеруге мораториймен байланысты үзілісті пайдаланып, алкоголь өнімдерін лицензиясыз және заңнаманы бұза отырып өткізеді.