Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 101,1 % құрады

Жарияланды
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 48 007 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 24 644 млрд теңге (жалпы көлемнен 51,3%), өңдеу өнеркәсібінде – 20 697 млрд теңге (43,1%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Шикі мұнайды (98,1%), табиғи газ (99%) бен темір кені (79,4%)  салаларында өндіру көрсеткішінің азаюына байланысты 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 99%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,4%-ға ұлғайды. Сусындар (111,2%), темекі өнімдері (107,9%), мұнай өңдеу өнімдері (101,8%), химия өнеркәсібінің өнімдері (110,2%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,1%), негізгі асыл және түсті металдар (105,5%), автокөлік құралдарының (119,1%) өндірісі өсті.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Ақмола (13,4%), Жамбыл (10,2%),  Абай  (9,7%) облыстарында және Алматы қаласында (9,6%) байқалды. Төмендеу Түркістан (6,3% – ға), Қостанай (5,5% – ға), , Атырау (2,1% – ға), Қызылорда (1,8% – ға,) Батыс Қазақстан (1% – ға),  және Павлодар (0,5% – ға) облыстарында тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз