Еуропа елдерінде зейнетке қанша жастан шығады?
Әлемнің барлық дерлік елінде қарт адамдарға зейнетақы төленеді. Әр елде зейнет жасы әртүрлі.
Бұл жүйенің тарихы қандай?
Тарихта алғашқы зейнетақыны Рим империясында Юлий Цезарь төлеген. Сондай-ақ Хазірет Омардың халифалық кезеңінде Исламның бес парызының бірі болып табылатын зекет (қайырымдылық) түрі ретінде енгізді. Үкімет қазынасына жиналған салық мұқтаждарға, соның ішінде кедей, қарт, жетім-жесір мен мүгедектерге берілген.
Еліміздің зейнет жасына тоқталып кетсек:
2027 жылға қарай елімізде ерлер де, әйелдер де зейнетке 63 жаста шығады деп жоспарланған. Алайда, жақында Президент Қасым–Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалатынын мәлімдеген еді.
Ал Еуропа елдерінде зейнетақы жүйесі жиі өзгеріп тұрады. Әр елде зейнет жасын есептеуге әртүрлі критерий қолданылады. Мысалы, Болгария, Румыния, Словакия, Польша, Литва және Австрияда әйелдер ерлерге қарағанда зейнетке әлдеқайда ерте шыға алады.
Еуропадағы зейнет жасына тоқталайық.
Австрия. Бұл елде зейнеткерлік жас әйелдер үшін – 60, ерлер үшін 65 жас болып белгіленген. Дегенмен, 2024 – 2033 жылдар аралығында әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен 65-ке дейін көтеретін реформа қолға алынбақ.
Германияда заңды зейнет жасы – 67. Бірақ елдегі зейнетақы жүйесінде өзгерістер енгізілді.
Бельгияда зейнетке шығу жасы – 65. Бірақ 2030 жылдың 1 ақпанынан бастап зейнеткерлер демалысқа тек 67 жасында шығады.
Болгариядағы зейнетке шығу жасы 64 жас 5 ай. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 61 жас 10 айды құрайды.
Хорватия. Ерлер 65 жаста, ал әйелдер 63 жаста зейнетақы алуға өтініш бере алады. Бірақ бұл жас бірте–бірте жылына үш айға артып, әйелдер де 2030 жылға қарай ерлер сияқты 65 жасында зейнетке шығады.
Кипрде ерлер мен әйелдер 65 жаста зейнетке шығады. Бірақ 2024 жылдан бастап зейнет жасы 2018-2023 жылдар аралығындағы өмір сүру ұзақтығының динамикасына сәйкес, әр 5 жыл сайын қайта қаралатын болады.
Даниядағы зейнет жасы – 67. Жүргізіліп жатқан реформа бұл көрсеткішті 2035 жылға қарай 69-ға жеткізеді.
Испания тұрғындары еңбек өтіліне қарай, 65 жастан 66 жасқа дейін зейнетке шығады.
Эстониядағы зейнет жасы – 64. 2026 жылға қарай біртіндеп 65-ке дейін өседі.
Финляндия. Бұл елде 63 жастан 65 жасқа дейін зейнетке шыға аласыз. Есептеу жүйесін өзгерту 2027 жылға дейін енгізіледі.
Франция. Жеке компанияларда болуы мүмкін арнайы схемалар мен келісімдерді қоспағанда, қазіргі уақытта зейнеткерлік жас – 62. Бірақ Үкімет оны біртіндеп арттыруды көздеп отыр.
Греция. Елде зейнет жасы заңды түрде 62-ден 67-ге дейін.
Венгрияда 62 жастан (1952 жылға дейін туған) 65 жастан (1957 жылы туған немесе одан кейін туған) зейнетке шыға алады.
Ирландия. Елде ерлер мен әйелдер үшін – 66 жас.
Италия. Мемлекеттік қызметшілер мен жеке сектор қызметкерлері үшін мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік беретін көптеген ерекшеліктерді қоспағанда, заңды жас – 67.
Латвия: 64 жас 3 ай, бірақ 2025 жылға қарай 65 жасқа дейін өседі.
Литва: ерлер үшін 64 жас 4 ай, әйелдер үшін 63 жас 8 ай. 2026 жылға қарай 65 жасқа дейін біртіндеп ұлғайту жоспарда бар.
Люксембург. Елде зейнетке шығу жасы барлығына 65 жас болып белгіленген.
Мальтада 1952 жылға дейін дүниеге келген азаматтар 61 (ерлер) немесе 60 (әйелдер) жасында зейнетақы ала алады. Кейінгі ұрпақ 65 жасқа дейін (1962 жылдан кейін туғандар үшін) зейнетке шығады.
Нидерланды: 2022 жылы – 66 жыл 7 ай.
Польша: әйелдер үшін – 60 жас. Ал ерлер үшін – 65 жас.
Португалия: Бұл елде зейнетке 66 жас 7 айда шығуға болады.
Чехия. Чехтар 63 жас 10 айда зейнетке шыға алады. Әйелдер зейнеткерлікке бала санына қарай ертерек – 60 пен 63 жас аралығында шыға алады.
Румыния: Ерлер мен әйелдер арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қазіргі уақытта ерлерге 65 жастан, әйелдерге 61 жастан зейнетке шығуға рұқсат етілген. Бірақ бұл шек 2030 жылға қарай біртіндеп 63-ке дейін көтеріледі.
Словакияда ерлер мен әйелдерге де – 64 жас.
Словения – 65 жас.
Швеция: 62 жастан 65 жасқа дейін.
Бір қызығы зейнетақы төлемейтін мемлекеттер де бар. Дегенмен, көптеген елдерде белгілі бір жастан кейін ең төменгі жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар саны өте шектеулі.