Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

Жарияланды
Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, аппараттық-бағдарламалық жүйе қаланың 48 жеріне орнатылған. Олар жылдамдықты шектен асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсіне жүру секілді ереже бұзуды тіркейді. Жүйе ереже бұзған көлікті есепке автоматты түрде алады. Бұған дейін «Сергек» жүйесі Таразда өткен жылдың 1 желтоқсанында тестілік режимде іске қосылған болатын.

«95 интелектуалды камера бар. Оның ерекшелігі, мысалы, із-түссіз жоғалу болса, кішкентай бала болса, бізде арнайы бағдарлама бар. Бағыттама бойынша үстіне киген киімін, басына киген киімін анықтап, толығымен базаға енгіземіз. Ол база 5-10 минуттың ішінде қай көшеде, қай бұрылыста жүргенін анықтап береді»-қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының басшысы Қуатбай Тубеков

Сондай-ақ оқыңыз