Әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды
Жарияланды
Люсиль Рэндон 1904 жылы ақпанда дүниеге келген, өткен жылдың 25 сәуірінен бері әлемнің ең қарт тұрғыны болып саналады
Әлемнің ең қарт тұрғыны француз Лусиль Рандон 118 жасында қайтыс болды.
Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Люсиль Рэндон Францияның оңтүстігіндегі Тулон қаласындағы қарттар үйінде тұрып, сейсенбіге қараған түні сол жерде қайтыс болған.
Люсиль Рэндон 1904 жылы ақпанда дүниеге келген, өткен жылдың 25 сәуірінен бері әлемнің ең қарт тұрғыны болып саналады.
Ол 2021 жылдың басында COVID-19 ауруын жеңіп шыққан.