Астанада балабақшада балаларды қорлағандар заң алдында жауап береді

Жарияланды
Тәрбиешілер жұмыстан шеттетілді

17 қаңтарда елорда тұрғыны «Балам-Ай» орталығындағы кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша полицияға жүгінді. Ішкі істер министрлігі Астанадағы ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл туралы Хабар 24 мәлімдеді.

«Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға қайталанбауы тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз керек», -деді еліміздің Бас прокуроры өзінің Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды.

Берік Асылов аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынғанын мәлімдеді. Ал бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыз