Жаңалықтар

Германия 2023 жылы Украинаға жүзден астам танк жеткізуге дайын

Неміс әскери-өнеркәсіп кешеніне кіретін Rheinmetall концерні 2023 жылы жүзге жуық танкті Украинаға беруге дайын. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

15 қаңтарда Ұлыбритания жақын арада Украинаға 14 Challenger 2 танкін береді деп хабарланған болатын. Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Украина президенті Владимир Зеленскийге қосымша қолдау көрсетуге уәде бергеннен кейін 14 танктен тұратын танк ротасы Украинаға жөнелтіледі. Танктердің берілуі Ұлыбританияның Киевке қолдауын жаңа деңгейге көтеретіні атап өтілді.