Елімізде цитрустың бағасы өсті
2022 жылдың желтоқсанында апельсин бағасы жылдық мәнде 30,8%-ға қымбаттады. Қазақстанда бұл жемістің келісіне орташа баға 1004 теңгеден.
Бұл өнім Астана тұрғындары үшін ең қымбат – 1 140 тг/кг. Сондай-ақ бұл жеміс Семей (1 139 тг/кг), Ақтау (1 133 тг/кг) және Қонаев (1 117 тг/кг) қалаларында қымбатырақ. Басқа аймақтарда баға 850-1000 теңге аралығында. Апельсиннің ең арзан келісі Петропавл қаласында тіркелген – 811 тг/кг.
Цитрустың тағы бір түрі лимон бір жылда 7,4%-ға қымбаттады. Оның орташа бағасы бір келісіне 1 173 теңге. Өңірлер арасында лимонның ең қымбаты Атырауда – 1448 тг/кг, ал ең арзаны Түркістанда – 953 тг/кг.
Біз тағы бір тропикалық жеміс – бананның бағасын да қарадық. Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша елімізде банан бағасы 46,2%-ға өскен. Елдегі орташа баға – 878 тг/кг. Бананның ең қымбаты Семей қаласының дүкен сөрелерінде – 1043 тг/кг. Ең арзаны Павлодарда – 720 тг/кг.