Елімізде ғылымға салынған инвестиция екінші жыл қатарынан айтарлықтай азайды
2022 жылдың қаңтар–қараша айларында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 45,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,7% аз. Нақты көлем индексіне (81,1%) қарасақ, нақты мәнде төмендеу 18,9%-ды құрады.
2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция құндық мәнде бір жылда 42,5% азайып, 53,4 млрд теңге болды.
Өңірлер бойынша кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы күрделі салымдардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 10,3 млрд теңге, бір жылда құндық мәнде 1,8% көбейді.
Алматы екінші орында: 8,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Үздік үштікті Қызылорда облысы түйіндеді: 6 млрд теңге, жылдық өсім — 13,2%. Үздік үш өңірге елдегі барлық инвестицияның 55,4%-ы тиесілі.
Ең аз инвестиция Жетісу өңірінде: небәрі 158,9 млн теңге. Одан бөлек Павлодар мен Ақмола облыстарында да аз.
Салаға салынған инвестиция көлемінің барлығы дерлік кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 91,2% немесе 41,5 млрд теңге. Көрсеткіш бір жылда 13,7% азайған.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 1,7 млрд теңгені (жылдық өсім — 2,9 есе), жергілікті бюджеттерден — 397,6 млн теңгені (7,8% көбейген) құрады. Банк несиелері есебінен салынған инвестиция бірден 28,2 есе өсіп, 1,2 млрд теңгеге жетсе, банктік емес қарыз қаражат есебінен салынған инвестиция керісінше 83% азайып 720,2 млн теңге болды.