Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

Жарияланды
Заңдастырылуға өтінім беру 1 шілдеге дейін жалғасады

23 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік тіркеудегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктері мен рөлі оң жақтағы автокөліктер заңдастырылмақ.Бұл туралы аtamekenbusiness хабарлады.

Ол үшін автокөлік елге былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген, және криминалдық есепте болмауы тиіс. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік, кедендік тазартудан өтуі қажет.

Алғашқы тіркеу үшін 200 мың теңге, тех.паспортқа мемлекеттік БАЖ 4 мың 313, ал мемлекеттік нөмір үшін 9 мың  660 теңге талап етіледі.  

 

Сондай-ақ оқыңыз