Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы жемқорлыққа күдікті

Жарияланды
Күдікті қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде.

Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз