Жапония премьер-министрі Фумио Кисида ақпанның ортасында Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізуі мүмкін, деп жазады Yomiuri Shimbun.
Газеттің хабарлауынша, жапондық саясаткер Украинаның бұрын ұрыс болған аудандарын да көргісі келеді. Егер сапар орын алса, сапардан кейін Кисида мен Зеленский Ресейге қарсы бірлескен мәлімдеме жасайды.
Бұған дейін Кисида Жапонияның Ресейге қарсы санкцияларын жалғастырып, Украинаға қолдау көрсететініне уәде берген еді.