Жаңалықтар

Tesla электрлік пикапты шығаруды кейінге қалдырды

Өндірістің кешігуі жартылай өткізгіштердің тапшылығымен байланысты

Тesla Cybertrack электр пикаптарын өндіруді бастауды тағы да кейінге қалдырды. Бұл туралы The Verge хабарлайды.

Маск көліктің шығарылымы осы жазда басталатынын, бірақ ауқымды өндіріс 2024 жылға дейін мүмкін болмайтынын айтты.

Корпорацияның 2022 жылдың екінші тоқсанында жасалған өндірістік күнтізбесіне сәйкес, электрлік пикаптың өндірісі 2023 жылдың ортасында басталуы керек еді.