Отшашуды заңсыз қолданғандар қомақты айыппұл арқалады

Жарияланды
Айыппұл көлемі 3,4 миллион теңгені құрады

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда ҚР елді мекендерінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану бабы бойынша 92 әкімшілік құқық бұзушылық қаралды, бұл бір жыл бұрынғыдан 28,1% аз.

Оның ішінде 76 іс бойынша әкімшілік жаза қолданылса, қалған 16 іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Іс жүргізу басталған 76 істің 70-не айыппұл салынса, 6-на ескерту жасалды. Салынған айыппұл сомасы 3,4 млн теңгені құрап, 3,1 млн теңге өндірілді.

2021 жылдың сәйкес кезеңінде ҚР-да осы сектор бойынша 128 әкімшілік құқық бұзушылық қаралып, көрсеткіш бір жылда 3% азайған.

Өңірлер бойынша қаралған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы және Павлодар облыстарында болды: облыстардың әрқайсысында 11 іс, тиісінше бір жылда 31,3% азайған және 57,1% көбейген. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан (10 жағдай, 47,4% азайған) және Қостанай (8 жағдай, бір жыл бұрынғымен бірдей) облыстары.

Жаңадан құрылған үш облыста — Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында мұндай бірде-бір құқық бұзушылық қаралмаған.

Сондай-ақ оқыңыз