Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында қайық аударылып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 11 бала қаза тапты, 8 бала із-түзсіз жоғалды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 7-11 жас аралығындағы медресе студенттері мінген қайық Танда бөгетінің маңындағы су қоймасында аударылып кеткен.
Полиция құтқарған алты баланың жағдайы ауыр деп отыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.