Дамушы нарық валютасы әртүрлі бағытта өрбіді

Жарияланды
Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 27 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (462,55 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 460,43 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк хабарлады.

2023 жылғы 20-27 қаңтар аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Осылайша, АҚШ Сауда министрлігінің мәліметі бойынша, елдің ЖІӨ 2022 жылдың соңғы үш айында жылдық есептеуде 2,9%-ға өсті. Сонымен бірге, АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл жалақы динамикасын қызметтер бағасын өсірудің негізгі себептерінің арасында бөліп, инфляция болжау кезінде негізгі фактор ретінде атап өтті. Желтоқсанда жалақының өсу қарқынының бірден бәсеңдеуі ФРЖ үшін үміт белгісі болды, яғни, жалақының орташа жылдық өсуі өткен айдағы 7,6%-бен салыстырғанда 7,3%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі тарихи төмен 3,7% деңгейінде болды. Жоғарыда аталған факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасына алып келді.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:   

  • Бразилия реалы дамыған елдердің облигациялары кірістілігінің төмендеуіне байланысты шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 1,9%-ға (5,21-ден 5,11-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің артуы аясында 0,6%-ға (15075-тен 14986-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы жаһандық тәуекел-сентиментінің артуы аясында 0,5%-ға (18,87-ден 18,77-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы 0,2%-ға (18,77-ден 18,81-ге дейін) әлсіреді. Губернатор Сахап Кавчиоғлы Түркиядағы инфляция биыл 22,3% деңгейінде қалыптасып, 2024 жылы
    8,8%-ға дейін бәсеңдеуге тиіс екендігі жөнінде хабарлады;
  • Оңтүстік Африка ранды Орталық банктің негізгі мөлшерлемені 7,25%-ға дейін 25 б.т. арттырғанына қарамастан, 0,4%-ға (17,13-тен 17,19-ға дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы импорттаушылар тарапынан сұраныстың өсуі аясында 0,5%-ға (81,13-тен 81,52-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі қаңтарда салық кезеңінің аяқталуы аясында 0,9%-ға (68,83-тен 69,46-ға дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз