ДДҰ: COVID-19 таралуы әлі де жоғары
Жарияланды
COVID-19 коронавирусы жаһандық қауіп тудыруды жалғастыруда, оның таралу деңгейі әлі де өте жоғары, деп хабарлады ДДҰ хатшылығы.
«Жақында жүргізілген жедел бағалау COVID-19 адам денсаулығына жаһандық қауіп төндіретінін көрсетті, вирустың берілу деңгейі жоғары болып қалады», – делінген ДДҰ сайтында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қырағы болуға, денсаулықты үнемі қадағалауға және халықты вакцинациялауға шақырады.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, COVID-19 пандемиясының басынан бері коронавирусты жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар саны 6,8 миллионнан асты, барлығы 670 миллион жұқтыру жағдайы анықталған.