Испанияда 15 жыл бойы тұрған мигранттар қалашығы өртенді

Жарияланды
Өрттің шығу себебі белгісіз

Нихара қаласында мигранттар тұратын қалашық өртке оранды. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

200-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Кеңесі осы қалашықты бұзып тастау жөнінде шешім шығарды. Сот үкімінде заңсыз салынған үйлердің әбден тозығы жеткені айтылған. Мұнда Африкадан келген мигранттар мекендейді. Олар осы өңірдегі фермаларда жалданып жұмыс істейтін. Жүздеген лашықтан тұратын қалашық осыдан 15 жыл бұрын салынған. 

Сондай-ақ оқыңыз