Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасы талқыланды

Жарияланды
Ол ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 3 есе арттыруға бағытталған

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Агроөнеркәсіп кешенін дамыту түжырымдамасының жобасы қаралған.

Құжат алдағы жылдары отандық агроөнеркәсіптік кешені саласына әсер ететін жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, сондай-ақ бизнес пен сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері:

  • салада еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру,
  • ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 3 есе арттыру,
  • барлық азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуді кемінде 90%-ға жеткізу,
  • ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін орта есеппен 2,5 есеге арттыру болмақ.

Атап айтқанда, тұқым сатып алуды субсидиялау және тұқым шаруашылықтарын жаңғырту есебінен бидай өнімділігін 20 ц/га дейін арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Суармалы жерлер аумағын аталған мерзімде 3 млн гектарға, ал минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 40%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны жеңілдікті лизинг пен басқа да мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 7%-ға жетуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз