Жаңалықтар

Алматыда жұртты 22 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

Алматы полициясы жұртты 22 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген БҚО-ның тумасы, 53 жастағы Р. есімді әйел ұсталды.

«25 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 22 млн теңгеден асады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің осы кезеңінде әйелдің азаматтардың сеніміне кіріп, оларға жер телімдерін нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынғаны анықталды. Ол «әлеуетті клиенттерден» бастапқы жарнаны алған, оның сомасы жер телімінің орналасқан жеріне байланысты өзгеріп отырды. Әйел адам ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Қазіргі таңда 25 қылмыстық эпизод анықталды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.