Ауылда тұрған жақсы ма, қала дұрыс па? Мұхиттың арғы жағындағы америкалықтар да мегаполистерден қашып, жанға тыныш жайлы жер іздеп жатыр. Себеп сол – тамақ қымбат, салық бар, коммуналдық төлемақы да халықты ығыр қылған,-деп хабарлайды 24.kz сайты.
Осындай қымбатшылық француздарды да шаршатты. Бұл елде үйсіз-күйсіз жүргендер көбейді. Нақтыласақ 4 миллион адам баспанаға мұқтаж. Америка халқы қаладан қашып, жайлы өмірді ауылды жерден іздеуге көшті. Өйткені алып мегаполистерде күн көру қиын. Қымбатшылық емін-еркін өмір сүруге мұрша бермейді. Ұлттық риелторлар қауымдастығының дерегіне сәйкес, былтыр елдің 25 штатынан азаматтардың жаппай қоныс аударуы байқалған. Мәселен, қалталылар қаласына айналған Нью-Йорктен өткен жылы 300 мың адам көшіп кетсе, Калифорниямен 350 мыңдай тұрғын қоштасыпты. Мамандардың айтуынша, мұның басты себебі өзге өңірлердің еңбек нарығындағы өсіммен байланысты. Екіншіден, баспананың қолжетімді болуы және салықтың төмендігі.